• Басты бет
  • /
  • Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған республикалық семинар
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған республикалық семинар

4-5 қаңтарда бастауыш сынып мұғалімі Евгения Валерьевна Ермоленко Астана қаласында өткен бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Бастауыш мектептегі олимпиадалық және логикалық есептерді шешу тәсілдері» атты республикалық семинарға қатысты.
Семинардың негізгі мақсаты - бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту, математикадан олимпиадалық есептерді шешуде педагогтардың біліктілігі мен дағдыларын жетілдіру.
Семинар барысында оқытушылармен бірге түрлі логикалық есептерді шешу тәсілдері талқыланды. Семинар материалдары қызықты әрі пайдалы болды.